Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2023

Қазақстан Оталық Азия елдерімен стратегиялық бағдарды берік ұстанады - Қасым-Жомарт Тоқаев

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Оталық Азия елдерімен стратегиялық бағдарды берік ұстанады - Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: akorda.kz

«Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық біздің көпжақты байланыстарымызды тереңдетуге үлкен септігін тигізеді. Бұл маңызды сала жылдан-жылға сапалы әрі жаңа мазмұнмен толығып, біздің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлерімізді, достығымыз бен тату көршілігімізді нығайта түседі. Мұның бәрі мемлекеттеріміздің өзара табысты қарым-қатынасына және жалпыөңірлік өзекті міндеттердің тиімді шешілуіне ықпал етеді», деді Президент. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азиядағы барлық елмен арадағы көпжақты ынтымақтастықты кең көлемде нығайтуға бағытталған стратегиялық бағдарды берік ұстанатынын атап өтті.

«Ортақ іс-әрекеттер синергиясы мен өзара қолдау бауырлас халықтарымыздың өркендеуіне және әл-ауқатының артуына жол ашатынына сенімдімін», деді Мемлекет басшысы.